Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада су тасқыны салдарынан 30-дан аса адам қаза болды (фото, видео)

Опубликовано:

Мексикадағы су тасқыны
Мексикадағы су тасқыны. Фото: twitter.com/CNPC_MX

Мексикада жантүршігерлік су тасқыны орын алды. Төтенше жағдай салдарынан отыздан аса адам қаза тауып, мыңдаған үйлер қирап қалды. Бұл туралы Мексиканың азаматтық қорғаныс күштеріне қарасты ұлттық координациялық басқарманың ресми Twitter парақшасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, қатты нөсер салдары Табаско мен Чьяпас штаттарының 238 мыңнан астам тұрғынына кері әсерін тигізген. Төтенше жағдай кесірінен мыңдаған тұрғын үй зардап шекті. Анықталғандай, аудандардың бірінде сел жүрген.

Батпақ ағыны бірқатар ғимараттарды қиратып, нәтижесінде жергілікті тұрғындар қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, су тасқынынан отыз адам көз жұмған.

Табаско штатына бірден Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор келді. Мемлекет басшысы биіктіктен төтенше жағдай масштабын бағалап кетті.

Мексикалық басылымдарға сілтеме жасаған РБК-ның хабарлауынша, зардап шеккен аудандарға Франция, Ресей, Румыния, Испания, Ұлыбритания мен Дания көмек жіберіп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884733-meksikada-su-taskyny-saldarynan-30-dan-asa-adam-kaza-boldy-foto-video/

pixel