RU

Артем Новиков Қырғызстанның уақытша премьер-министрі болды

Артем Новиков
Артем Новиков. Фото: Фото: Sputnik/Табылды Кадырбеков

Қырғызстан үкіметінің уақытша төрағасы болып, 33 жастағы бірінші вице-премьер Артем Новиков тағайындалды. Бұл Садыр Жапаровтың президент сайлауына қатысуына байланысты орын алған тағайындалу болып табылады.

Қырғыз елінің премьер-министрі Садыр Жапаров үкімет төрағасының өкілеттігін президент сайлауының нәтижелері анықталғанша тоқтатып қойды. Жапаровтың бұрынғы міндеті Қырғызстан Республикасының Конституциясына сәйкес, оның бірінші вице-премьеріне өтеді.

Соған орай, Артем Новиков үкіметте уақытша төралық ететін болады. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады. Новиков бірінші премьер-министр қызметіне осы жылдың 14 қазанынан бастап кіріскен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті міндетін уақытша атқарып келген Садыр Жапаров өз өкілеттігін тоқтатқан болатын. Ол бұл шешімін алда болатын президент сайлауынша "қатардағы азамат" ретінде қатысқысы келетінін айтып түсіндірді. Премьер-министрдің қызметіне ол өткен айда тағайындалған еді.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтқан болатын.

Әңігмелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884740-artem-novikov-kyrgyzstanny-uakytsa-premer-ministri-boldy/