RU

Қостанайда ер адам әйелге пышақпен шабуылдады (видео)

Шабуыл сәті
Видеодан кадр: kstnews.kz

Кеше, 14 қараша күні Қостанайда белгісіз ер адам әйелге пышақпен шабуылдады. Зардап шеккен келіншекті бірден ауруханаға жеткізді. Шабуылдың сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған,

Жантүршігерлік оқиға жайлы жергілікті "Костанайские новости" басылымынан белгілі болды. Kstnews.kz сайтында шабуыл сәтінің видеосы жарияланған. Онда жол шетінде тұрған әйелдің қасына ер адам келгенін байқауға болады. Бір мезетте азамат оған пышақпен шабуылдап, артынан сөмкесін алып кете береді. Зардап шеккен әйел есінен танып қалса керек.

Өңір полициясы жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бірқатар мәліметтермен бөлісті. Белгілі болғандай, 38 жастағы азаматша бірнеше пышақ жарақатымен бірден ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда, аталған оқиғаға байланысты "Адам өміріне қастандық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анықталғандай, тәртіп саұшылары күдікті азаматты ұстап үлгерген. Ол 41 жастағы ер адам болып шықты.

Бүгінде іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар кездеседі. Психикасы тұрақсыз адамдарға, аяғы ауыр нәзік жандыларға және жасы 18-ге жетпегендерге көруден бас тартуға кеңес береміз.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында әйел өзінің қызын пышақтап тастағаны туралы белгілі болды. Қызы мен анасы бірге ішімдік ішіп, сөзге келіспей қалған. Нәтижесінде анасы перзентінің арқасына пышақ сұғып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884741-kostanajda-er-adam-jelge-pysakpen-sabuyldady-video/