RU

Көктайғақ пен жел: Еліміздің 8 ауданында дауылды алдын ала ескерту жарияланды

Оқушылар қар жауғанда жолды өтіп жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

16 қарашада Қазақстанның сегіз ауданында дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазғидрометтің" ресми сайты.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Түнде және таңертең 16 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Полиция жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертті. Министрліктің хабарлауынша, қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884747-kktajgak-pen-zel-elimizdi-8-audanynda-dauyldy-aldyn-ala-eskertu-zarialandy/