RU

Нұртас Адамбай Америка азаматшасына қызының туған анасын іздеп табуға көмектесті

Нұртас Адамбай
Фото: Instagram/nurtasadambay

АҚШ азаматшасы өзінің асыранды қызының туған анасын іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын. Оған көмекке белгілі отандық шоумен Нұртас Адамбай келді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Америка азаматшасы асыранды қызының туған анасын іздестіріп жатқанын Facebook желісіндегі Kazakh American Association парақшасында хабарлаған болатын..

"Бәріне сәлем, біз Қазақстаннан екі қызды тәрбиелеп отырмыз. Біз кіші қызымыздың анасымен қарым-қатынасты орнаттық, алайда үлкен қызымыздың анасымен байланысты жоғалтып алдық. Оның нөмірі ауысып кетіпті.

Менде мекен-жайы мен аты-жөні бар. Оған қоса, біздің сөйлесіп тұруымызға көмектесетін аудармашы да бар. Алайда, мен оның жаңа нөмірін таба алмай жатырмын. Себебі, олар Көктас атты шалғай ауданда тұрады.

Бізге сол отбасының байланыс нөмірін тауып беруге көмектесе алатындар бар ма? Қызымыз 17 жаста. Ол ата-анасымен сөйлесіп тұрғанды жақсы көреді. Рахмет", - деп жазды Кристен Демшок.

Өз жазбасында ол қызының анасының жасы үлкен екенін айтып өтті. Ол 60-та екен. Кристеннің сөзінше, олардың қазақстандық жанұямен соңғы рет екі жыл бұрын хабарласқан.

Кейін Америка азаматшасы жазбасын жариялаған парақшада танымал қазақстандық актер әрі шоумен Нұртас Адамбайдың жазбасы пайда болды.

"Сәлем. Бұған дейін бұл жерде өз қызының туған анасы Шолпан Қанышкенқызын іздестіріп жатқан Кристен Демшоктың жазбасы жарияланған болатын.
Біз оны таптық! Біз Шолпан ханымның нөмірін оған Messenger-ге жібергенімізді айтыңыздаршы. Ол жеке хаттарды қарамайтын сияқты. Шолпан Қанышкенқызы қызының хабарласқанын асыға күтуде. Рахмет" , - деп жазды Адамбай Facebook парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884748-nrtas-adambaj-amerika-azamatsasyna-kyzyny-tugan-anasyn-izdep-tabuga-kmektesti/