SCAT-тың Алматыға бағыт алған ұшағы Атырауға оралуға мәжбүр болды

Опубликовано:

Ұшақ2
Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраудан Алматыға бағыт алған Boeing-737 ұшағы қайта оралуға мәжбүр болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай "Атырау – Алматы" рейсін орындау барысында SCAT әуе компаниясына тиесілі ұшақтың кондиционерлеу жүйесінің индикациясы іске қосылған.

Сондықтан әуе кемесінің командирі ұшып шығу портына қайта оралу туралы шешім қабылдаған.

Қону штаттық режимде орындалған. Ал Алматыға жасалатын рейс бүгін таңғы уақытқа жоспарланып отыр.

"Қала сыртында тұратын жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, оларды тамақтандыру ұйымдастырылды", - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне SCAT әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилова.

Еске сала кетейік, таяуда компанияның Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшағы аспанға көтерілгеннен кейін қайта қонуға мәжбүр болған еді.

Бұған құстар тобының болжам бойынша, қаздар немесе үйректердің ұшаққа соғылуы себеп болған.

Сонымен қатар FlyArystan әуе комапаниясының Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшағы қайта Атырауға қонуға мәжбүр болған болатын.

Бұл жағдайға қатысты әуе компаниясының баспасөз қызметі пікір білдіріп, рейс кезінде ауа желдеткіш бөлімінің істен шығуы туралы дабыл қағылғанын айтты.

Сондықтан тәжірибелі экипаж ұшып шыққан нүктесіне, яғни Атырауға оралуға шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884758-scat-uekompaniasyny-almatyga-bagyt-algan-sagy-atyrauga-oraluga-mzbr-boldy/