Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған Украина денсаулық сақтау министрі блогерлікке бет бұрды

Опубликовано:

Максим Степанов
Максим Степанов. Фото: facebook.com/maksym.stepanov.official

Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов коронавирус жұқтырған соң блогерлікпен айналыса бастаған. Енді ол күн сайын әлеуметтік желіде науқас ретінде ақпарат беріп отырмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Максим Степанов бұл туралы Facebook желісінде жасаған үндеуінде мәлімдеген.

"Мен барлық нәрседен позитив іздеуге тырысамын. Қазір де таптым. Пандемия кезінде мен жағдайға дәрігерлердің көзімен қарадым. Енді бұл жағдайдан пациент рөлінде өту мүмкіндігі бар. Өз тәжірибемде біздің пациент жолы мен емдеу хаттамасының қалай жұмыс істейтінін тексеріп, бағалаймын", - дейді министр.

Ол емдеудің барлық кезеңдерін ведомство тобымен бірге жазатындығын айтты.

"Менің міндетім - өткір мәселелерді анықтау және оларды нақты уақытта шешу", - дейді Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов.

Lenta.ru сайтының жазуынша, Степановтың коронавирус жұқтырғаны 14 қарашада белгілі болған. Министрдің сөзінше, ол барлық сақтық шаралары мен санитарлық нормаларды сақтаса да, ауру жұқтырып алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған едік. Кейінірек Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Айта кетсек, 10 қарашада Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен. Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884798-covid-19-zktyrgan-ukraina-densaulyk-saktau-ministri-blogerlikke-bet-brdy/

pixel