Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жерге тірідей көмілген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

Опубликовано:

Нәресте
Фото: SWNS:South West News Service

Үндістанда туа салысымен жерге тірідей көмілген нәресте құтқарылды деп жазады The Sun.

Үндістандағы Уттаранчал штатының Кхатиме елдімекеніндегі фермалардың бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Жаңа туған нәресте жерге көмілген күйі табылған.

Оқиға орнында түсірілген видеодан ауыл тұрғындары жерге жартылай көміліп, қимылсыз жатқан сәбиді көргенде есеңгіреп, оны дереу құтқаруға кіріскенін байқауға болды.

Баланы кім тірідей көміп кеткені белгісіз. Оқиға куәгерлері нәрестенің бет жүзі топырақтың арасынан көрініп жатқанын байқай салысымен, оны қазып алып шыққан.

Қимылсыз жатқан нәресте дереу емханаға жеткізілген. Абырой болғанда нәресте ғажайыптың күшімен тірі қалған. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтуда.

Айта кетерлігі, Үндістанда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. 2019 жылдың қазан айында жаңа туған кішкентай қыз жерге көмілген күйінде табылған. Кейін мұндай қорқынышты қадамға ата-анасы ұл қалағандықтан барған деген болжам жасалынған.

Ал 2017 жылы жаңа туған қыз баланы ата-анасы тікенді бұтаға тастап кеткен. Абырой болғанда нәресте аман қалған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда арықтан жаңа туған нәресте табылғанын жазған едік.

Одан бөлек, сегіз нәрестені өлтірді деген күдікпен медбике ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884806-zerge-tiridej-kmilgen-nreste-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/

pixel