RU

Қызылордалық тұрғын кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгені белгілі болды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы өткен брифингте Камиль Галиев айтты.

Оның сөзінше, 26 жастағы қызылордалық тұрғын Алматыда қолға түскен. Әйел адамның қорқыту мен алдау арқылы екі нәзік жандыны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды.

"Олардың біреуі кәмелетке толмаған. Полиция бұл деректі әлеуметтік желіні бақылау аясында тіркеді. Әйел адам сол жерде интимдік қызмет көрсетуді жарнамалаған. Кәмелет жасқа толмаған жандарды  жезөкшелікпен айналысуға тарту туралы 134-бап және жезөкшелікке тарту бойынша қылмыстық кодекстің 308-бабы бойынша іс қозғалған. Жәбірленушілерге көмек көрсетіліп жатыр", - деді Галиев. 

Бұдан бөлек, оның сөзінше, тәртіп сақшылары жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 10 істі әшкерелеген. 

"Соның ішінде бір адам кәмелет жасына жетпеген. Жезөкшелікпен айналысу үшін ұйымдастырылған 48 "притон" анықталды. 21 әкімшілік құқық бұзушылық жезөкшелікпен айналысуға орын ұйымдастыуға қатысты тіркелді. Қоғамдық орындарда қыздарға тиісу бойынша 331 жағдай анықталған", - дейді Камиль Галиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін жазған едік.

Сонымен қатар Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884830-kyzylordalyk-trgyn-kmeletke-tolmagan-kyzdy-zezkselikpen-ajnalysuga-mzbrlep-kelgen/