Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО полицейлері сары шашты елес қызды іздеуге кірісті (видео)

Опубликовано:

Елес
Ханкөлдегі елес. Видеодан кадр: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Қаратөбе ауданындағы сары шашты қыздың елесі туралы хабарламаның анық-қанығын тексермек. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Уческелік инспекторлар Ханкөл ауылы маңында елесті көрген адамдардан жауап алады. Сондай-ақ біз әлеуметтік желіде пайда болған видеожазбаның шынайылығын да тексереміз", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Еске салсақ, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының маңында сары шашты қыздың елесін көргендерін айтқан тұрғындардың әңгімесі тараған болатын.

Ханкөл ауылы кіретін Жусандыой ауылдық округының әкімі Талап Қазиев ауыл арасында мұндай қауесет тарағанын жасырмайды.

Әкімнің сөзінше, мұндай әңгімелер жаз соңында басталған. Дегенмен ауылдағы ақсақалдар құрбандық шалып, құран оқытқан.

Кейінірек, ОКҚ өткен онлайн брифингте БҚО әкімі Ғани Есқалиевтан қыздың елесі бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірген еді.

"Ешқандай мәселе болмауы керек. Себебі күн сайын таңертең біздің құқық қорғау органдарымыз маған тұрғындарды не мазалайтыны және қандай проблема бар екені жайлы ақпарат береді. Егер бұл мәліметтер тізімінде болмаса, онда жалған ақпарат немесе біреу әзілдеген. Менің ойымша, бізде мұндай проблема жоқ", – дейді Есқалиев.

Аймақ басшысы жағдайды тексеру үшін полиция қызметкерлерін жіберетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884843-bko-policejleri-sary-sasty-eles-kyzdy-izdeuge-kiristi-video/

pixel