Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда президент сайлауына түсуге 63 адам өтініш берген

Опубликовано:

сайлау қырғызстан
Фото: sputnik.kz

Қырғызстанда мемлекет басшысы қызметіне 63 адам кандидат болып отыр деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

3 желтоқсанға дейін ҚР президенті қызметіне үміткерлер өзін қолдайтын 30 мың азаматтың қолын жинап, сайлау кепіліне млн сом өткізуі керек.

63 кандидаттың арасында сегіз әйел мен 55 ер адам бар. Олардың қатарында жұмыссыздар да, мемлекеттік қызметкерлер де, қоғам белсенділері мен бұрынғы және қазіргі шенеуніктер де көп.

Барлық үміткер Ортсайлаукомға құжаттарды ұсыну уақыты тәртібімен көрсетілген.

Айта кетейік, күні кеше Артем Новиков Қырғызстанның уақытша премьер-министрі болды.

Ал бұған дейін Қырғызстан президенті міндетін уақытша атқарып келген Садыр Жапаров өз өкілеттігін тоқтатқан болатын. Ол бұл шешімін алда болатын президент сайлауынша "қатардағы азамат" ретінде қатысқысы келетінін айтып түсіндірді. Премьер-министрдің қызметіне ол өткен айда тағайындалған еді.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтқан болатын.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884865-kyrgyzstanda-prezident-sajlauyna-tsuge-63-adam-tinis-bergen/

pixel