RU

Атыраудағы спортшы жігіттің өлімі: Полиция марқұмның туыстарына жауап берді

спортшы
Фото: Атырау облыстық спорт басқармасы

Атырауда жаппай төбелес кезінде қайтыс болған грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовтың туыстары тергеу амалдарының баяу жүріп жатқанына наразы. Осы орайда Атырау облыстық полиция департаменті марқұмның жақындарының шағымына пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ведомство 9 тамызда қала маңындағы Дамба ауылында болған кісі өлтіруге полицияның ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады.

"Аталған қылмысты жасаған күдікті "ескірмеген белгілері" бойынша анықталып, ұсталды. Сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, тергеу "Кісі өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Тексеру жұмыстары жалғасын табуда. Сараптама тағайындалған. Басқа ақпараттар тергеу мүдделері үшін жария етілмеді, деді полиция.

спорт
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Еске сала кетсек, Атырауда қаза болған әлем чемпионының әкесі тергеудің баяу жүріп жатқанына шағымданған еді.

Спортшы 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884874-atyraudagy-sportsy-zigitti-limi-policia-markmny-tuystaryna-zauap-berdi/