RU

Ақтауда ауладағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Ақтаудағы төбелес
Фото: lada.kz

15 қараша күні Ақтаудағы №12 ықшамауданда №22 үй ауласында төбелескен жігіттер видеоға түсіп қалды. Куәгерлердің сөзінше, олар атыс даусын да естіген. Маңғыстау облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Lada.kz.

Жасөспірімдер арасындағы төбелес күндізгі 16:00 шамасында болған. Куәгерлер текетіресті видеоға түсіріп үлгерген.

Полиция оқиға орнына барғанын хабарлап, атыс жайлы ақпаратты теріске шығарды.

Тәртіп сақшыларының ақпарынша, олар төбелеске қатысушылардың тұлғасын анықтаған. Жасөспірімдер мен олардың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Материалдар кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияға жіберілді. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ақпарынша, бұл мәселе бойынша "102" нөміріне қоңырау түспеген, жергілікті ауруханаларға медициналық көмек алу үшін өтініштер де болмаған.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде қоғам белсендісі марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділге "төбелес кезінде пышақ cұқтым" деген адамның видеосы тараған еді.

Видео Facebook желісіндегі Ел пікірі тобында жарияланды. Видеодағы ер адам елордаға ата-анасымен бір жыл бұрын жұмыс істеуге келгенін айтып, досының шақыруымен оқиға орнынан барғанын, ол жерге барғанда біреуді ұру, өлтіру ойында болмағанан жеткізген.

"Барған кезде төбелес басталды. Төбелес арасында "пышақ ұрып қойдым" деген ол қаза тапқан адамның Жанболат Ағаділ екенін артынан білгенін, Жанболат досы да, қасы да еместігін, тек қашып бара жатып пышақ ұрып қойғанын айтып, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884926-aktauda-auladagy-zappaj-tbeles-videoga-tsip-kaldy/