Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында сүйіктісімен ұрысқан 22 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Опубликовано:

Көпір
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған 22 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті. Оны жұмыстан қайтып бара жатқан азамат құтқарып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бойжеткенді қарамағындағы азамат құтқарғанын хабарлады. Ол сотталған, қазір пробация қызметінде есепте тұр.

Оқиға Усольский ықшамауданында болған. 22 жастағы қыз суға секіріп, айғайлай бастаған. Жолдан өтіп бара жатқан азамат киімін шешіп, қыздың соңынан түскен.

Ер адам судың салқын болғанын байқамағанын айтады. Ол тек үйге келген соң ғана тоңып қалғанын біліпті.

Көп ұзамай бойжеткеннің сүйіктісімен ұрысып қалғаны анықталды. Оны құтқарған азамат пробация қызметінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар полицейлері мониторингтік рейд кезінде карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеп жатқан екі барды анықтады. Бір мейрамхананың қонақтары полицейлер кетіп қалады деп үміттеніп, кафенің ішінде бес сағат бойы отырған.

Мейрамхана қонақтары пандемия кезінде қатаң түрде тыйым салынған кальянды шегіп отырған. Карантин талаптарын бұзғаны үшін көңіл көтеретін жерге келіп, кальян шеккен меймандар мен оған рұқсатын берген кафенің әкімшісіне де айыппұл салынды.

Мейрамхана басшылығын да аса үлкен көлемдегі айыппұл күтіп тұр. Дәл сол күні полиция бөлімшесіне қалада тағы бір көңіл көтеретін жердің карантинге қарамастан жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде караоке-бардың іштен жабық тұрғанын анықтаған. Полиция қызметкерлеріне ешкім есікті ашпай қойғандықтан, олар мейрамхана алдына екі жасақтықалдыруды шешкен. Олар өз кезегінде қонақтар шыққан уақытқа дейін далада күтіп тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884946-pavlodar-oblysynda-sjiktisimen-ryskan-22-zastagy-kyz-kpirden-sekirip-ketti/

pixel