RU

Коронавирустан айыққан соң өкпені қалай қалпына келтіруге болады: Иммунолог кеңесі

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Аллерголог-иммунолог Евгения Паршина COVID-19-дан кейін өкпені қалай қалпына келтіру керектігін айтып берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ақ халаттының айтуынша, коронавирусқа шалдыққан адам тренажердегі арнайы жаттығулардың көмегімен тыныс алу жүйесін қалпына келтіруді жеделдете алады деп хабарлайды РИА Новости.

"Тыныс алу гимнастикасын жатып немесе отырған күйде жасауға болады. Сонымен қатар жаттығулар тонусты сақтауға көмектеседі", – деді Елена Паршина.

Дәрігер мұндай жаттығуларды күніне бірнеше рет тұрақты түрде жасауға кеңес беруде.

"Тыныс жетіспеушілігін емдеу мен вирустық жүктемені азайту үшін дәрігерлердің қадағалауымен термиялық гелиокспен (жоғары температураға дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспалары – Sputnik) ингаляция жасауға болады", – дейді маман.

Еске салсақ, бұған дейін Германияның ғалымдары өсімдіктерге зерттеу жүргізіп, адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін әлсірететін өнімді анықтаған болатын.

Одан бөлек, ғалымдар адам не себепті күніне 10 мың қадам жүруі керек деген сауалға жауап берген.

Сонымен қатар, Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынған еді. Koe knuffelen (сиырдың құшағы) деп аталатын күйзеліспен күресудің жаңа әдісі Нидерланд елінде ғана емес, бүкіл әлемде ерешке сұранысқа ие болып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884955-koronavirustan-ajykkan-so-kpeni-kalaj-kalpyna-keltiruge-bolady-immunolog-keesi/