Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевтағы итке таланған бала: Әкімдік қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді

Опубликовано:

Ит
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 6 жасар қыз итке таланып, қайтыс болды. Қала әкімдігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай, қызы жақында итке таланып, қайтыс болған азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар жағдайы нашар отбасы ретінде тіркелген. Бұл отбасы полиция бөлімінде есепте тұр.

Үш баласы бар 1993 жылғы әйел қала шетінде орналасқан саяжайдағы үйлердің бірінде азаматтық некедегі ер адаммен бірге тұрып келген.

Балалар қамқоршылық бөлімінің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта екі бала "Қамқор" әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды. Әкімдік таратқан хабарламаға сәйкес, қайғылы оқиға болған күні анасы қыз баланы зейнет жасындағы досына қарауға тастап кеткен.

Бұл отбасыға әкімнің орынбасары Дәуір Жүнісбеков барып қайтыпты. Әкімдік марқұм баланың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек қолын созатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, 15 қарашада 6 жасар қызды иттер талап, қайтыс болғанын жазған едік. Полиция бала ересектердің қарауынсыз қалып, оны иттер қоршап, талағанын хабарлады. Тергеу жүргізілуде. Ветеринарлық қызметке жабайы итттерді аулауға тапсырыс берілді.

Одан бөлек, Үндістанда жерге тірідей көмілген нәресте ғажайыптың күшімен аман қалғанын жазған болатынбыз. Баланы кім тірідей көміп кеткені белгісіз. Оқиға куәгерлері нәрестенің бет жүзі топырақтың арасынан көрініп жатқанын байқай салысымен, оны қазып алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884961-stbaevtagy-itke-talangan-bala-kimdik-kajgyly-okigaga-katysty-tsinik-berdi/

pixel