Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 10 шақты ит пен мысықты азаптап өлтірген ағайындылар ұсталды

Опубликовано:

Ағайындылар
Фото: polisia.kz

Алматы облысында психикалық ауытқуы бар ағайындылар қаңғыбас иттер мен мысықтарды азаптаумен айналысқан деп хабарлайды polisia.kz.

14 қараша күні Талғар ауданының полиция бөліміне Панфилов кентінің 23 жастағы тұрғын хабарласып, аталған ауылда белгісіз біреулердің қаңғыбас иттер мен мысықтарды айуандықпен азаптап өлтіргені туралы айтқан. Қабылданған шаралар нәтижесінде бір тәулік ішінде Талғар ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында он шақты ит пен мысықты азаптап өлтірген 29 және 37 жастағы екеудің психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі (Жануарларға қатыгездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілерді психиатриялық ауруханаға орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші жұрттың ашуына тигенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Кейін итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда еріктілер төрт иттің зорланғанын айтып, дабыл қаққан еді.

Кейінірек, жантүршігерлік факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884986-almatyda-10-sakty-it-pen-mysykty-azaptap-ltirgen-agajyndylar-staldy/

pixel