Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласының маңындағы үйде газ баллоны жарылды

Опубликовано:

Жарылыс орны
Жарылыс орны. Скриншот: 24.kz

Орал қаласының маңында орналасқан Дерекул ауылындағы жеке үйде газ баллон жарылды. 41 жастағы әйел зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы хабарлағандай, газ баллоны жарылғаннан кейін тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры құлап қалған.

Төтенше жағдай салдарынан бір адам зардап шекті - 41 жастағы әйелді күйік шалған. Ол ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына келіп жеткен 13 өрт сөндіруші өртты 4 бірлік техникамен ауыздықтады.

Еске сала кетейік, Хромтауда өткен демалыс күндері газ баллоны жарылған болатын. Нәтижесінде 9 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында 6 және 7 жастағы екі бала және жаңа туған нәресте бар.

Сонымен қатар, 8 қараша күні кешкісін Алматының тау бөктерінде өрт шығып, оны сөндіруге отыздан астам маман жұмылдырыды. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер Медеу ауданының "Бұлақ" саяжай серіктестігі маңына жеткен. Олар тілсіз жауды түнгі 21:00 шамасында ауыздықтай алды.

Одан бөлек, жақында Таразда өрт сөндіру кезінде жекеменшік үйлердің бірінен үш адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, қаза тапқандар 84, 60 және 40 жастағы тұрғындар екен. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер мен баласы өрт кезінде ауаға бөлінген газға уланып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884989-oral-kalasyny-mayndagy-jde-gaz-ballony-zaryldy/

pixel