RU

Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 17 қарашада елдегі ауа райы қандай болмақ

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ

17 қарашада Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа райына циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен бұрқасын болып, қар жауады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман. Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында – тұман.

Айта кетейік, Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 26 градусқа дейін аяз болады. 17-19 қараша аралығында елдің оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884992-tman-brkasyn-kktajgak-17-karasa-elde-aua-rajy-kandaj-bolmak/