RU

Павлодарда 4 мектеп оқушысын зорлау ісі алқабилер сотында қаралатын болады

Жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазір Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасынан судьяларды іріктеу жүріп жатыр. Мұнда олар Ақсу қаласының тұрғынына қатысты бірнеше ауыр қылмыстық баптар бойынша қылмыстық істі қарайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мамандандырылған ауданаралық соттың хабарлауынша, ер адам жыныстық шабуыл жасады, зорлады, есірткі сақтады және оқ-дәрі, қару-жарақ, жарылғыш заттарды алып жүрді деп айыпталуда.

Алқабилерді іріктеу процедурасы енді басталды.

Істе 25 эпизод бар. Төрт адам жәбірленген. Олардың кейбірі қылмыс жасалған уақытта кәмелет жасына да толмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі жыл бойы төрт балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінгенін жазған едік. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Ақмола облысында өгей қызын зорлаған 41 жастағы азамат ұсталғаны белгілі болған еді.

Одан бөлек, 11 жастағы қыз баланы өгей әкесі мен туыс ағасы жарты жылдан астам уақыт зорлап келгені анықталған.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында екі кішкентай баланы зорлады деп айыпталған азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, кейінірек сот істі қайта қарап, сотталушы ақталып шыққан.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірім 15 жастағы танысын зорлады деп күдіктеліп жатқанын жазған едік. Ол екі айға қамауға алынған.

Жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының Facebook парақшасында пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885037-pavlodarda-4-mektep-okusysyn-zorlau-isi-alkabiler-sotynda-karalatyn-bolady/