Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕҰУ студенттері Халықаралық IT-байқауға қатысып, елге күміс жүлдемен оралды

Опубликовано:

ЕҰУ студенттері
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

Еуразия ұлттық университетінің үш студентінің арқасында Қазақстан Huawei компаниясының Халықаралық байқауында 39 мемлекеттен қатысқан 109 команда арасынан жүлделі екінші орынға ие болды.

Олимпиада қатысушылары бұлтты және желілік технология пәндері бойынша бақ сынасты. Студенттеріміз ТМД елдері арасында өткен аймақтық жарыста бірінші орын алып, ары қарай Олимпиадаға жолдама алған болатын.

Еске сала кетейік, жүлдегерлер Ақниет Нұржаубаев, Берік Әбдрахман және Әлішер Әнуарбеков Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және физика-техника факультетінде оқиды.

Байқауға екі жыл бойы Қазақ ақпараттық коммуникациялар академиясының желілік технологиялар жөніндегі тәжірибеші-сарапшысы, Cisco ССIE компаниясының халықаралық сертификатының иегері Нұрхат Ғабдуллаев дайындаған.

Студенттер түрлі аймақтық Олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Олардың барлығы Cisco Stars - 2019 және Cisco Stars - 2020 ж. желілік технологиялар бойынша жылсайын өтетін Халықаралық Олимпиаданың жеңімпаздары болып табылады.

6-14 қараша аралығында Huawei компаниясының базасында Huawei ICT Competition 2019–2020 жылсайынғы байқауының халықаралық финалы өтті. Биыл аталмыш байқау «Connection · Glory · Future» ұранымен ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885052-eu-studentteri-halykaralyk-it-bajkauga-katysyp-elge-kmis-zldemen-oraldy/

pixel