RU

Қостанай облысының тұрғындарына түнде жүріп-тұруға тыйым салынды

Қостанай қаласы
Фото: gov.kz

17 қарашада Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына түзетулер енгізіліп, олар бүгіннен бастап күшіне енді. Енді өңірде қандай шектеулер болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Құжатта Қазақстанға халықаралық әуе рейстері арқылы келген шетел азаматтарында COVID-19 жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтама (берілгеніне 3 тәуліктен аспауы керек) болуы міндетті екені көрсетілген.

Қостанай облысының елді-мекендері аумағында сағат 22:00 мен 06:00-ге дейін жүріп-тұруға шектеу қойылған. Қалааралық жолаушылар транспортының (автобустар, микроавтобустар, таксилер) қозғалуына тыйым салынған.

Қоғамдық көліктердің жұмыс күндері сағат 06:00 мен 21:00 аралығында жолаушы тасымалдауына рұқсат етілген.

Рудный қаласында сағат 5:00 мен 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01:00-ге дейінгі аралықта № 1, 2 , 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттарымен "ССКӨБ" АҚ қызметкерлерін тасымалдайтын автобустарды қоспағанда, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысына тыйым салынады.

Таксистердің сағат 22:00 мен 06:00 аралығында клиент тасымалдауына рұқсат жоқ. Ал басқа уақыттарда жолаушылар мен жүргізушілер маска тағулары керек.

Белгілі бар азаматтар санатын қоспағанда, азаматтардың облысқа, Қостанай және Рудный қаласының аумағына кіріп-шығуына тыйым салынған. Алайда облыс орталығы мен Рудный қаласын қоспағанда, облыс тұрғындары бір ауданнан екінші бір ауданға кедергісіз қатынай алады.

Қаулының толық нұсқасымен осында танысуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейн Қостанай облысы аумағына санитарлық бекеттер орнату турақлы шешім қабылданған болатын.

Ал Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы облыс аумағында шектеу шараларын 11 қараша сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 25 қарашасы сағат 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885064-kostanaj-oblysyny-trgyndaryna-tnde-zrip-truga-tyjym-salyndy/