Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бюджет қаражатына туған күнін тойлаған шымкенттік дәрігерге үкім шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты үкім шықты. Сот Әнуар Маймақовтың бюджет ақшасын мақсатсыз жұмсағанын анықтады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеу барысында медициналық мекеме бюджетіне алты миллион теңге түскені анықталған. Ол қаржы аурухана қажеттілігі үшін бөлінген.

Алайда медициналық мекеменің бас дәрігері аталған соманы өз бетінше жұмсапты.

Осылайша, ол ақшаның бір бөлігін 400 шырша сатып алып, туған ауылына отырғызуға жұмсаған. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, бас дәрігер туған күнін осылай атап өткен.

Одан бөлек тағы бір миллион теңгені баласына тиесілі жол талғамайтын көліктің қозғалтқышы мен жүріс бөлігін жөндеуге жұмсағаны белгілі болды. Соның нәтижесінде Маймақов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұл аурухана ішінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша алғашқы іс емес. Осыған дейін аурухананың бас есепшісі 19 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған.

Әйел қаражатты жақын туыстарының атына аударып, әрі қарай қолма-қол ақшаға ауыстырған. Оған қатысты сот үкімі шығып, әйел жеті жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы орайда сот оларға қатысты неге жеңіл үкім шығарылғанын түсіндірді. Екеуі де кінәсін мойындап, келтірілген зиянның орнын толтырғаны айтылып отыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалған болатын. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылған.

Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысында парамен ұсталған судья мен кәсіпкерің сотталғанын жазған едік.

Судья Түгел Бекімбетов 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылса, пара беруші кәсіпкер 2,5 жылға сотталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885067-budzet-karazatyna-tugan-knin-tojlagan-symkenttik-drigerge-kim-sykty/

pixel