RU

Павлодарда мектеп оқушысы ауруханадан қашып кетті

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Павлодарда 13 жастағы жеткіншек кәзір құдығына құлап кеткен соң ауруханадан бір-ақ шықты. Баланы медицина қызметкерлеріне анасы алып келген. Ақ халаттылар омыртқаның зақымданғанын айтқан, ал келіншек ұлын ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Дегенмен бала анасының жауабын тыңдамастан ауруханадан өзі кетіп қалып, оны полицейлердің іздеуіне тура келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

13 жастағы ұлы анасына ескертпеген. Келіншек дәрігерлермен сөйлесіп жатқанда ол теріс бұрылып кетіп қалған. Оқиға орнында іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң әйел полицияға жүгінген.

Іске жедел жасақ араласып, жеткіншекті үй аулалалырының бірінде балалар алаңынан тапқан. Ол бөлімшеге жеткізілді.

Жасөспірім тәртіп сақшылары мен анасына қатты қорыққанын айтты. Ол дәрігерлер бақылауында бірнеше күн жатқысы келмегенін жеткізді. Қазір бала ата-анасына берілді. Анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында тұрғын үйдің кіреберісінде оқушы қызға шабуыл жасалғанын, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын жазған едік.

Кейін бұл жайтқа қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын хабардар етті.

Сонымен қатар Павлодарда бес сағат бойы полицияға есікті ашпай қойған караоке-бар туралы хабарлаған болатынбыз.

Карантин талаптарын бұзғандар полицейлер кетіп қалады деп үміттеніп, кафенің ішінде бес сағат бойы отырған. Ал полицейлер өз кезегінде есік ашқанға дейін далада күтіп тұрған. Нәтижесінде, полиция бөлімшесіне 27 мейман мен сол барда жұмыс істеген жеті қызметкер жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885083-pavlodarda-mektep-okusysy-auruhanadan-kasyp-ketti/