RU

Биыл мектепте жаңажылдық іс-шаралар өте ме

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осы жылы мектептерде жаңажылдық мерекелік шаралар өте ме деген сауалға жауап берді деп жазады Қазақпарат.

Есмағамбетованың сөзінше, биыл мектептерде жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді.

"Мектепке барып оқып жүрген оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.

Сонымен қатар ол 1 және 16 желтоқсандағы мереке күндері қосымша карантиндік шектеулер болатын-болмайтынына тоқталды.

Есмағамбетованың айтуынша, қосымша шектеу шаралары соңғы екі аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты қабылданған. Ведомство басшысы осы уақыттағы біздің мақсат – карантин талаптарын орындау, дейді.

Ол қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірге қосымша карантин шаралары қабылданбайтынын тілге тиек етті.

"Мұндай шаралар әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ал жағдайдың қалай болатыны біздің әрқайсысымызға байланысты", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.

Сонымен қатар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан оқытуға байланысты педагогтардың жалақысы қысқаратыны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде жаңажылдық іс-шаралар мәселесі қарастырылып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885099-biyl-mektepte-zaazyldyk-is-saralar-te-me/