Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір топ фламингоны видеоға түсірген Ақтау тұрғынын инспекцияға шақырған

Опубликовано:

Фламинголар
Видеодан кадр: Facebook/Азамат Сарсенбаев

Ақтау тұрғыны Қаракөл өзеніндегі бір топ қызғылт фламингоны видеоға түсіріп алған. Әдемі кадрлар БАҚ беттері мен әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін Азамат Сәрсенбаевқа орман шаруашылығы инспекциясынан шақырту түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қызғылт фламингоны түсіргені үшін оны 18 қарашада орман шаруашылығы инспекциясына шақырғаны туралы хабарламаны жария етті.

Оның болжамынша, жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау ережелерін бұзғаны үшін Азаматты әкімшілік бап бойынша жауапқа тартуы мүмкін. Оператордың сөзінше, ол түсініктеме жазған.

"Заң бойынша қаласаңыздар айыппұл салыңыздар, құқықтық негізде талдайтын боламыз. Сонымен бірге мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесін меңгеремін, өзім үшін көп нәрсе білемін деп ойлаймын", - деді Ақтау тұрғыны.

Оның жазбасына Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева пікір білдіріп, жағдайды анықтауға тырысатынын айтты.

Кейінірек, Азамат Сәрсенбаев Ибраеваның арқасында орман шаруашылығы комитеті қызметкерлері тек профилактикалық әңгіме жүргізумен шектелгенін хабарлады.

"Жалпы, айыппұл туралы мәселе шешілді. Барлығыңызға алаңдаушылығыңыз үшін рахмет", - деді ол.

Осы ретте қазақстандықтар оператор жігітке қолдау білдірген.

Айта кетейік, Азамат Сәрсенбаевтың бір топ қызғылт фламингоны түсірген видеосы желіде 14 қарашада пайда болған еді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 6 шілдесінде әлеуметтік желіде Каспий маңында демалушылардың итбалыққа тас лақтырған видеосы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885116-bir-top-flamingony-videoga-tsirgen-aktau-trgynyn-inspekciaga-sakyrgan/

pixel