Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірден көтердім": Атыраулық келіншек 42 жасында ұлды болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Атыраулық келіншек 42 жасында шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Құралай Алипова 34 жасында тұрмыс құрып, қызды болған. Алайда, кейін сәби көтеру қиын соғып, бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Ұлды болсам деген ана арманы араға жеті жыл салып орындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әрине, 42 жасында өмірге сәби әкеліп жатқан аналар өте көп. Бірақ мен тұрмысқа кеш шығып, қызды болған соң, екінші баламды көтере алмай ұзақ жүрдім. Дәрігерлерге қаралғанымда олар жатырдың қисаюы, эндометрит деген диагноз қойды. Шыны керек, денсаулыққа мән бермеппіз. Оның қадірін тек басқа қиындық түскенде біледі екенсің. Осылайша, құдай береді деген сеніммен 40 жасқа қалай жеткенімді білмей қалдым", - дейді Құралай.

Құралай Алипова жасы келсе де құдайдан үмітін үзбей, тағы да балалы боларына сенген. Осы кезде ол әлеуметтік желі арқылы оралдық емші Анарды байқап көреді.

"Шынымды айтсам, Instagram желісі арқылы оралдық емші Анар апайды бір жыл бойы бақылаппын. Бұл кезде жасым қырықта болатын. Бір жылдан кейін бар күш-жігерімді жинап, емшіге хабарласып, ем алдым. Қатты қуантарлығы – мен бірінші ем курсынан кейін жүкті екенімді білдім. Яғни, бірден сәби көтеріппін. Талай жылдан бергі арманым Анар апаның емін алған соң орындалды. Әрине, бірінші кезекте Алла, содан кейін Анар апайдың емі әсер еткені анық. Осылайша, 42 жасымда Бекнар деген ұл баланы өмірге әкелген жайым бар. Бүгінде сәбиіміздің әрбір қылығы қызық", - дейді ол.

Құралайдың айтуынша, көптеген келіншектер емді орта жолдан тастап, тез беріліп қояды. Ол сәби сүйе алмай жүрген аналарды төзімді болуға шақырды.

"Бұл оңай нәрсе емес. Әйел қанша жерден қырық жанды болса да, бала үшін жасаған барлық әрекеті нәтиже бермегенде қолын бір сілтейтіндер бар. Осындай таныстарым да қаншама?! Оларға төзім мен сабыр керектігін айтқым келеді", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін сәби сүйе алмай қиналған оралдық келіншек жан сырын ақтарған еді.

Ал еліміздегі ақ халаттылар коронавирус пандемиясы кезінде жас отбасыларға бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885121-birden-kterdim-atyraulyk-kelinsek-42-zasynda-ldy-boldy/

pixel