RU

Үйіне келген Тараз тұрғыны пышақ жарақатын алған әйелі мен анасын тапты

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Тараз қаласының тұрғыны үйінен анасы мен әйелінінің пышақ жарақаттарымен денесін тапқан. Ол тез арада дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін шақырған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды polisia.kz.

2020 жылдың 16 қарашасында "102" нөміріне 42 жастағы ер адам хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын алған анасы мен жұбайын тапқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары мен дәрігерлер 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, ал ер адамның анасы жансақтау бөліміне жеткізілген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, қолға түсті.

Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, спирттік ішімдіктерді қосылып ішу барысында кенеттен туындаған жанжал салдарынан пышақ жарақатын салғанын көрсетті.

Аталған дерекке қатысты 99-баптың 1-бөлігі, 24-99-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ заттай дәлелдемелер алынды.

Айта кетейік, бұған Ақмола облысында өзінің қызына пышақ жарақатын салған әйел туралы хабарлаған едік.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қарашада 35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Жедел тергеу амалдары әйел адамның пышақ жарақатын жанжал кезінде алғанын көрсеткен.

Сонымен қатар Қостанайда белгісіз ер адамның әйел адамға пышақпен шабуыл жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885130-jine-kelgen-taraz-trgyny-pysak-zarakatyn-algan-jeli-men-anasyn-tapty/