RU

Талдықорғандық полицейлер адасып кеткен 83 жастағы әжейді іздеп тапты

Талдықорғанда адасып кеткен әжей табылды
Фото: Видеодан кадр

Талдықорған қаласының тәртіп сақшылары адасып кеткен 83 жастағы әжейді іздеп тапты деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Бүгін сағат 14-00 шамасында Талдықорған қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қаланың 5-шағын ауданында тұратын 83 жастағы әжейдің таңертең үйінен шығып, қайта оралмағанына алаңдаған туыстары хабарласқан.

Жоғалған кейуананың киген киімі мен түр-түсі туралы хабарламаны Талдықорған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет көрсетуден оралған № 162 борты қабылдады.

Тәртіп сақшылары дереу жақын маңда орналасқан тұрғын үй кешендерінің аулалары мен көшелерді аралауға кіріскен. Үш сағат ішінде полицейлер көрші ауданмен шектес аумақтан адасып кеткен қарияны тапты. Олар әжейді үйіне жеткізді.

Анасының аман-есен табылғанына қуанған қызы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Белгілі болғандай, күмән тудырған ер азамат қалтасындағы есірткімен Өзбекстанға өтпек болған.  

Оған қоса, Алматыда 10 шақты ит пен мысықты азаптап өлтірген ағайындылар ұсталды. Тексеру барысында он шақты ит пен мысықты азаптап өлтірген 29 және 37 жастағы екі азаматтың психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885148-taldykorgandyk-policejler-adasyp-ketken-83-zastagy-zejdi-izdep-tapty/