RU

Танымал режиссер Роман Виктюк қайтыс болды

Роман Виктюк
Роман Виктюк. Фото: ТАСС/Артем Геодакян

Ресей Федерациясының халық әртісі, танымал режиссер Роман Виктюк қайтыс болды. Өнер өкілі 85 жасына қараған шағында өмірден озды.

РФ халық әртісі, әйгілі режиссер Роман Виктюк 85 жасына қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне мәскеулік театр әкімшілігі хабарлаған.

"Роман Григорьевич ауруханада қайтыс болды. Режиссер бүгін өмірден өтті", - деп хабарлады агенттіктіің дереккөзі.

"Пятый канал" арнасының хабарлауынша, режиссер қазан айының соңында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен. Алайда, халық әртісінің неден қайтыс болғаны әзірге нақты хабарлаған жоқ.

Айта кетейік, 14 қараша күні КСРО халық әртісі Армен Джигарханян 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885153-tanymal-rezisser-roman-vituk-kajtys-boldy/