Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалды

Опубликовано:

ұрлық
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістан облысында ұрлық жасамақ болған әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, жергілікті тұрғын Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Ол түскі асқа үйіне келгенде, белгісіз әйелді аңғарған.

Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оны көріп, терезеден қашып кетуге әрекет жасаған. Алайда үй иесі күдіктіні қуып жетіп, оны ұстап алған.

Белгілі болғандай күдікті әйел бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екен. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, "тығып кеткен" кілтті тауып алып, үйге заңсыз кірмек болыпты.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полициясы азаматтарға қырағылық танытып, үйлерін және жеке мүлкін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

"Мүмкіндігінше үйлерге бейнебақылау камералары мен дабыл белгісін, терезелерге темір торлар қою керек, кіреберіс есіктерді берік құлыптармен бекіту қажет", - дейді тәртіп сақшылары.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1885193-trkistan-oblysynda-pter-tonamak-bolgan-jel-j-iesine-stalyp-kaldy/

pixel