Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық кәсіпкер 1,5 миллиард теңге салық төлемегені үшін ұсталды

Опубликовано:

Кәсіпкер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралдағы кәсіпорын директоры 143 миллион теңгені жымқырды және 1,5 миллиард теңге көлемінде салық төлемеді деп күдіктелуде. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпорын директорына екі қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр: "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иелену" мен "Салық және өзге де міндетті төлемдерден жалтару".

Тергеу мәліметтері бойынша, компания басшысы мемлекеттік сатып алудың қатысушысы бола отырып, 143 миллион теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған. Бұл ақша "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына бөлінген.

Сондай-ақ кәсіпкер 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарды деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта ол ұсталып, Орал қаласының уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін бюджет қаражатына туған күнін тойлаған шымкенттік дәрігерге үкім шыққанын жазған едік. Тергеу барысында медициналық мекеме бюджетіне алты миллион теңге түскені анықталған. Ол қаржы аурухана қажеттілігі үшін бөлінген. Алайда медициналық мекеменің бас дәрігері аталған соманы өз бетінше жұмсапты.

Сонымен қатар Алматы соты RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы банкирлер Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагимнен қандай мүліктерді тәркілеп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Судья Роман Селицкий Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагимді жәбірленушілерге 59 миллиард теңге төлеуге міндеттеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885210-oraldyk-ksipker-15-milliard-tege-salyk-tlemegeni-sin-staldy/

pixel