RU

Әскери оқу орнында Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткіш бұрышы ашылды

Ескерткіш бұрышы
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ұлттық қорғаныс университетінің әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетіне Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин есімі берілді. Сол күні ардагердің құрметіне ескерткіш бұрышы ашылды.

Аталған шара жазушы, профессор, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының нақты мүшесі, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 105 жылдығы құрметіне арналды. Оған оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен тыңдаушылары қатысты.

«Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткіш бұрышының ашылуы мен оған жоғары оқу орнынан факультеттің атауы берілуі үлкен құрмет пен жауапкершілік», - деп Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов атап өтті.
Ескерткіш бұрышы
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысына генерал-майор И. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында қатысқан болатын. 1942 жылы Новгород облысындағы ұрыста сарбаздар тобын басқарды.

Салтанатты ашылуы
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Жаумен шайқаста олардың санының басымдығына қарамастан, немістің екі танкін гранатпен жарып, көптеген жау әскерін жойды және 12 жауды тұтқынға алды. Мәлік Ғабдуллин жараланса да, шайқасты тастап кетпеді. Аға тәрбиеші Мәлік Ғабдуллинге осы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағымен бірге «Ленин» ордені және «Алтын жұлдыз» медалі табыс етілді.

Ескерткіш бұрышы
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Батырдың есімі орталық көшелер мен мектептерге берілген. 1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллиннің еліміздегі алғашқы мұражайы ашылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885237-skeri-oku-ornynda-mlik-gabdullinge-arnalgan-eskertkis-brysy-asyldy/