Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы операция: Есірткі тасыды деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Күдіктінің ұсталған сәті
Видеодан кадр: Нұр-Слтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанның бұрын сотталған тұрғынынан 20 келідей есірткі табылды. Полицейлер ер адам есірткі сатумен айналысқан деген күдікке ілінде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жеңіс көшесінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы астана тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды, жеке тексеру кезінде оның сөмкесінен гашиш салынған 13 полиэтилен пакет табылды", - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ ПД ер адамның тұратын пәтерін тінту кезінде есірткі салынған тағы 3 сөмкені тапқанын хабарлады. Одан басқа сатуға дайындалған 32 пакеттік полиэтилен қаптамалары табылған.

Арнайы операция нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі затын алып тастады.

Полицияның айтуынша, олардың "қара нарықтағы" бағасы 30 млн теңгеден асады.

Полицейлер қалада есірткі тасымалдаумен және сатумен айналысқан болуы мүмкін қылмыстық тізбектегі басқа да сыбайластарды анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігі және 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 10-нан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстаған болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда "Борат24" интернет дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық есірткі тобының көзі жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885299-nr-sltandagy-arnajy-operacia-esirtki-tasydy-degen-kdikpen-er-adam-staldy-video/

pixel