RU

Күн жылынады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

19-21 қараша аралығында ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктерді жазуынша, Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклон әсерін тигізуді жалғастырады. Алайда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар жауады.

Мамандар циклон республиканың солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жылжитынын айтты. Осыған байланысты Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандар алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасатынын мәлім етті.

Айта кетсек, Ішкі істер министрлігі ауа райы бұзылған кезде жол қозғалысының барлық қатысушылары барынша сақ болып, көлік иелері дөңгелектерін уақтылы ауыстыруы керек екенін ескертті.

Министрліктің ақпаратынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы - қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885308-kn-zylynady-sinoptikter-aldagy-s-knge-aua-rajy-bolzamyn-syndy/