RU

Полицей киімімен Tik Tok билеген азамат жазаға тартылды (видео)

Тик Ток билеген полицей
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киім-кешегін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады.

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні үнділік TikTok-та ерекше танымалдылыққа ие болып жатыр. Нақтырақ айтатын болсақ, ән үнділер арасында қызығушылық тудырған.

Олар әнге түсірген видеоларымен жарыса бөлісуде. Бұл жаңалықпен Instagram желісінде qazaqpyz_goi парақшасы да бөліскен.

"Бейбіт Қорған "Шоқ қыздар" хитімен Үндістанға гастрольмен баруы ғажап емес. Бұған үнділер бастаған челлендж себеп болмақ", - деп жазған желі парақшасы.

Сол арада видеоны көрген желі қолданушылары әншіге мақтауларын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885322-policej-kiimimen-tik-tok-bilegen-azamat-zazaga-tartyldy-video/