RU

Нұр-Сұлтанда полицейлер жезөкшелер мен сутенерлерді әшкереледі

жезөкше
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Нұр-Сұлтанда "STOP- трафик" жедел - профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында төрт сутенер мен интимді қызмет ұсынатын 36 бойжеткенді қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің ақпараты бойынша, жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа орын беру фактілері бойынша 6 хаттама, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісу фактілері бойынша 8 хаттама жасалды.

Полиция бірқатар жағдай турлы да хабарлап өтті. Аталған жедел-профилактикалық шара барысында интим-қызмет көрсететін қызбен кездестіргені үшін 30 мың теңге сыйақы алған екі әйел ұсталған.Олардың бірі осыған дейін ұрлау фактісі бойынша істі болған.

Факті Қылмыстық кодекстің 309- бабы бойынша тіркелді. Одан бөлк, тәртіп сақшылары жезөкшелікпен айналысуға притон ұйымдастырып, оны бақылап, жеңгетайлықпен айналысқан 23 жастағы қызды да ұстады. Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ол клиенттерді 20 мың теңгеге интимдік қызмет көрсететін қыздармен кездестірген.

Айта кетейік, осыған дейін ақтөбелік жезөкшелер VIP қызмет көрсететін спа-салон жұмысы әшкере болған еді.

Тексеру кезінде салонда интимдік қызмет көрсеткен екі қыздың Ақтөбе облысының тұрғындары екені анықталды. Аталған факт негізінде ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885334-nr-sltanda-policejler-zezkseler-men-sutenerlerdi-skereledi/