Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"БҚО-дағы қыз елесінің" видеосы бір жыл бұрын Ресей тұрғындарын қорқытқан

Опубликовано:

Елес
Видеодан кадр: NUR.KZ

Осыған дейін БҚО-дағы кішігірім ауыл тұрғындары сары шашты қыздың елесін көргендерін айтып шулаған еді. Олар өз сөзіне дәлел ретінде ақ мүсін бейнеленген видеоны таратқан болатын. Анықталғандай, бұл видео бір жыл бұрын Ресей тұрғындарын да шошытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселен, дәл осы видео 2019 жылдың желтоқсан айында "Регион ONLINE" сайтында жарияланған. Жазбада роликті Дағыстан тұрғыны адамдар жоқ жолда түсіргені айтылады. Кадрлар пайда болған соң әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Пікір иелері өз ойларын айтып, видеода ақ жамылғыдағы қыз тұр деп болжаған. Ал кейбірі бұл ібілістің, есектің, аюдың немесе елестің мүсіні екенін жеткізген.

Еске салайық, БҚО-тұрғындарын шулатқан елес жайлы жергілікті атқарушы орган өкілі де пікір білдірген еді.

Ханкөл ауылы кіретін Жусандыой ауылдық округының әкімі Талап Қазиев ауыл арасында мұндай қауесет тарағанын жасырмаған.

"Адамдар бойжеткенді, кемпір мен ұшатын елесті көргенін айтады. Олар асыра сілтеп жүрген шығар, қорыққанға қос көрінеді дейді ғой. Мен өзім ауылда күнде боламын, тас жолмен жүремін. Ешкімді де, ештеңені де көрмедім. Ақсақалдар жиылып, малды құрбандыққа шалды, Құран оқыды.

Мен де барып, ауыл тұрғындарын сабырға шақырдым. Бірақ, адамдар бұған сенеді, мұндай әңгімелер жаз соңында басталған. Бұрын мұнда мешіт көп болған, адамдар бұл жерді киелі деп әр көктем сайын садақа береді. Биыл пандемияға байланысты барлық салтты жасау мүмкін болмады, ал садақа күзде ғана берілді", - деді Қазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885344-bko-dagy-kyz-elesini-videosy-bir-zyl-bryn-resej-trgyndaryn-korkytkan/

pixel