Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі сияқты жүрген": Оралда ер адам мектеп оқушысын алып кетпек болды

Опубликовано:

Педофил1
Көрнекі фото: Getty Images/iStockphoto

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 17 қараша күні Оралдағы "Медколледж" аялдамасы аумағында белгісіз ер адам кішкентай қызбен сөйлесіп, оны алып кетпек болғанын айтқан аудиожазба тарады. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде аталған хабарламаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өз қызымды мектепке апарып тастаған соң автобусқа отырып, жұмысқа кеттім. Алдымда мектеп оқитын кішкентай қыз отырды. Оған шамамен 50 жастағы азамат келді. Ол қызбен сөйлесіп, қайда тұратынын, кіммен тұратынын, ата-анасы қайда жұмыс істейтінін, қазір үйде кім бар екенін сұрады.

Мен ол неге мұндай сұрақ қойып жатыр деп қорқып кеттім. Сәлден соң олар автобустан шығуға дайындалды. Ер адам қызға қазір екеуі әкесі мен қызы секілді бірге шығатынын, ол өзін үйге дейін шығарып салатынын айтты. Кейін ол қыздың сөмкесі мен пакетін алды, екеуі автобустан бірге түсіп кетті", - деді келіншек аудиожазбада.

Келіншек белгісіз ер азамат қызға тиісуі мүмкін деп қорқып, автобустан түсіп, қызға айғайлай бастаған.

"Сырттан олар шынымен де әкесі мен қызы сияқты көрінді, адамдар ештеңе байқамады. Бірақ, мен олардың артында отырып, барлық әңгімені естідім. Қызды автобуста естіген есіммен атаған кезде, ол (ер адам -ред) сөмке мен пакетті бере салды. Артынша артқа бұрылмастан "Молодежная" аялдамасына кетті. Мен қызды үйіне дейін жеткізіп салдым, оны ағасы күтіп отырды. Қызға қарауды сұрадым",- дейді қала тұрғыны.

Зачаган полиция бөлімшесі кезекші бөлімінің қызметкері Дәурен Қайдаров мұндай ақпарат келіп түскенін растады.

"Қыздың оқиғасына қатысты ақпарат бүгін таңертең келіп түсті. Инспекторлар мектеп оқушысының үйіне кетті, енді істің егжей-тегжейі белгілі болады. Бұл жағдайға қатысты мән-жайды тексерістен соң хабарлаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, Қарағанды облысының сотында екі жас қызға зорлық-зомбылық жасау фактісіне қатысты іс қаралды. Сотталушыға 18 эпизод бойынша Қылмыстық кодекстің үш бабымен айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885347-kesi-men-kyzy-siakty-zrdi-oralda-er-adam-mektep-okusysyn-alyp-ketpek-bolgan/

pixel