RU

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

пульт теледидар
Көрнекі фото: www.ktk.kz

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram арнасында хабарланды.

«Қазтелерадио» АҚ жоспарланған профилактикалық жұмыстар және цифрлық, аналог және спутник телерадио хабарын тарату желісіндегі жабдықты бақылау туралы хабарлайды.

«Трансляциялар 2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-де тоқтатылады. Қазақстандық телерадио хабарларын тарату 2020 жылғы 19 қарашада сағат 17:00-де жоспарланған жұмыстан кейін қалпына келтіріледі», - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстан президентіне ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Аида Балаева азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885354-kazakstanda-teleradio-habarlaryn-taratu-uakytsa-toktatylady/