RU

Шығыс Қазақстанда коронавирустың өршуіне не себеп

Бетперде3
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев аймақта коронавирустың өршуіне не себеп екенін айтты хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша "қызыл аймаққа" кірген. 17 қарашада бір тәулікте коронавирус жұқтырған 230 адам тіркелген.

Осы орайда "көпшілік арасында "аймақта жұқпалы аурудың осыншама тез тарауына не себеп?" деген сұрақ туындауда.

Бұған қатысты жауап берген Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, негізінен осындай ахуал күтілген. Себебі Шығыс Қазақстанда коронавирустың бірінші толқынында эпидемиологиялық жағдай бақылауда болған. Ал қазір инфекция халық арасында жаппай таралып жатыр екен.

Оның сөзінше, бірінші кезекте өңірдің климатын, географиялық орнын ескеру керек. COVID-2019 инфекциясы тұмау сияқты, дәл осы кезеңде тез тарала бастайды.

"Екіншіден, Шығыс Қазақстанда індеттің өршуіне облыс тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеуді сақтамауы себеп болды. Үшіншіден, халықтың белсенді көші-қоны. Осы ретте айта кету керек, көрші мемлекеттердің шекаралас аймақтарында вирус жұқтырғардардың күрт өсуі байқалады", - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885377-sygys-kazakstanda-koronaviusty-rsuine-ne-sebep/