RU

Тұман, жаяу бұрқасын: 19 қараша күні ауа райы қандай болмақ

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазгидромет 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы антициклонмен анықталады. Осы ретте, жауын-шашын болмайды деп күтіледі.

Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде - желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​ облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Еске сала кетейік, синоптиктер осыған дейін 19-21 қараша аралығында ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін мәлімдеген еді.

Синоптиктердің жазуынша, Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклон әсерін тигізуді жалғастырады. Алайда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар жауады.

Мамандар циклон республиканың солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жылжитынын айтты. Осыған байланысты Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885396-19-karasa-kni-elde-aua-rajy-kandaj-bolmak/