Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мұзға қатып қала жаздаған аққулар құтқарылды (фото)

Опубликовано:

Аққулар
Фото: БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында мұзға қатып қала жаздаған аққулар құтқарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы Төтетнше жағдай департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға 18 қараша күні Жәнібек ауданы орталығындағы Жәнібек ауылында болған.

Аққулар
Фото: БҚО ТЖД

Жәнібек ауылдық округ әкімі орынбасарының айтуынша, ауылдың солтүстік-батыс жағындағы су қоймасында жабайы аққулардың мұзға қатып жатқаны жөнінде тұрғындардан хабар келіп түскен.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сенсек, құстар таңғы уақытта мұзға жабысып қалған. Тұрғындар құстардың айналасындағы мұзды жарғанымен, аққуларды алып шыға алмаған. Түнгі уақытта мұзға жасбысқан күйде қалып қойса, құстар тоңып, өліп кетуі мүмкін екеніне алаңдаған куәгерлер әкімдікке хабарласқан.

Аққулар
Фото: БҚО ТЖД

Әкмідік төтенше жағдайлар департаментіне ақпаратты жеткізіп, оқиға орнына №21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жеткен. Олар аққуларды құтқарып қалды.

Бүгінде құстар ауыл тұрғынының қорасына жеткізіліп, орналастырылған. Жақын арада жабайы аққуларды көктемге дейін жылы орынға орналастыру мәселесі шешілетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін біз "БҚО-дағы қыз елесінің" видеосын кім және қашан таратқаны анықталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885405-bko-da-mzga-katyp-kala-zazdagan-akkular-ktkaryldy-foto/

pixel