Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда тойға жиналған қонақтар қашып кетпек болған

Опубликовано:

үйлену
Көрнекі фото: pexels.com

Таразда үйлену тойына келген қонақтар тексеріс келгенде ғимаратттан шығуға асықты. Салтанатты шара ұйымдастырушыларына әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция ақпарынша, жақында Тараздағы ғимараттардың бірінде 80 адамның қатысуымен той өткен.

"Мобильді топ қонақтарды ұстап алғанда, олар күйеу жігітпен қалыңдықты тастай сала есікке қарай жүгірді",- деді полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Осыған ұқсас жағдай тағы бір жергілікті мейманханада тіркелген. Кафе әкімшілігі сегіз мейман мен қызметкерлерге артқы есік арқылы шығуға көмектескен.

Барлық тәртіпбұзушымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал шара ұйымдастырушыларына қатысты ҚР ӘҚТбК 425- бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полицейлер әкімшілік жауапқа тарту үшін жиылған материалдарды тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберді.

"Жаңажылдық мерекелер жақындап келеді, мерекелік шара өткізу туралы мәселе өзекті болғалы тұр. Полиция департаменті Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарынан жақындарының денсаулығы үшін жаппай және ұжымдық жиындардан бас тартуды сұрайды",- деді облыстық ПД.

Айта кетейік, елорданың полиция қызметкерлері мониторинг топтың құрамында рейд өткізіп, оның барысында "ZOLOTO" мейрамханасында шамамен 70 адамның көңіл көтеріп отырғанын анықтады.

"Клиенттер мейрамханада әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған. Көңіл көтеру орнының иесі мен келушілер салынған тыйымға қарамастан төңірегіндегі адамдардың денсаулығына қауіп төндірген", - деп атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885419-tarazda-tojga-zinalgan-konaktar-kasyp-ketpek-bolgan/

pixel