RU

ШҚО-да аяз күшейді: Бірнеше ауылда оқушылардың сабағы тоқтатылды

аяз
Көрнекі фото: kznews.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылда ауа райы бұзылуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Риддерде ауа температурасы 26 градус аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен.

Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Бородулиха ауданында 28-30 градус аяз тіркеліп, 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарында бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазгидромет 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы антициклонмен анықталатын болғандықтан жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде - желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​ облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Сондай-ақ, синоптиктер 19-21 қараша аралығында ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885421-sko-da-aaz-ksejdi-birnese-auylda-okusylardy-sabagy-toktatyldy/