Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блок-бекеттің жанындағы полицейлердің "төбелесі" желіні жарды

Опубликовано:

Фото
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/ekibas_v_teme

Павлодар облысындағы блок бекеттің бірінде екі полицейдің адам жоқ кезде уақытты қалай өткізіп жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан қызметкерлердің күлкілі әрекеттерін аңғаруға болады. Жігіттер "Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кейбір қимылдарды көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоның ұзақтығы 30 секундтан аспайды. Кадрдан қызметкерлердің фильмнің кейбір тұстарын қайталағаны аңғару қиын емес. Олардың арасындағы "төбелес" ұзаққа созылмайды, себебі бір полицей қоян қолтық ұрыс әдісіне жүгінген. "Ұрыстың" немен аяқталғаны белгісіз, ролик бітпей жатып үзіліп кетті.

"Жігіттер - әрдайым бала болып қалады", "Қуын суық болғандықтан олар осылай жылынып алды", "Бұл жерден ешқандай жаман нәрсе көріп тұрғаным жоқ", "Жігіттерді қолдаймын", "Жігіттер қау жауғанға да риза сияқты", "Жылыну үшін фильмді естеріне түсірген ғой" деді желі қолданушылар ролик астына.

Павлодар облысының полиция басқармасы видеоны көргендерін, бірақ ешқандай шара қолданбайтындықтарын мәлімдеді. Себебі, олардың әрекеттері тәртіпті бұзуға жол бермеген, деді ведомство.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты Павлодар облысы "қызыл аймаққа"енген.

9 қарашадан бастап өңірде бірқатар шектеу шарасы күшіне енеді.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы блок-бекетке қатысты видео пайда болды. Онда жазба авторы бақылау-өткізу пунктінде тұрғанына 8 сағат болғанын, құжаттарын алып кеткенін айтады. Бұған қатысты пікір білдірген облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жолаушылар заңсыз өтуге тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885436-blok-beketti-zanyndagy-policejlerdi-tbelesi-zelini-zardy-video/

pixel