RU

БҚО әкімі: Мемлекеттік қызметкерлер жаңажылдық отырыс өткізбейді

Той
Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер жаңажылдық мерекелік шаралар өткізуден бас тартатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өңір оперативті штабының отырысында жаңажылдық ұжым отырысы жайлы сөз болды. Облыс басшысы коронавирус жағдайы әлі де ауыр екенін хабарлады.

"Коронавирус жағдайы жақсармайынша, ешқандай мейрам болмайды. Егер ұжымда ақша болса, мерекенің жаңа форматын әзірлеу керек. Артық қаражатты қайырымдылыққа жұмсау қажет. ТЖ мен карантинді күшейту кезінде шенеуніктер айлық алды. Ол уақытта кәсіпкерлер шығынға ұшырады. Әсіресе, кәсібі тоқтағандар зардап шекті",- деді Ғали Есқалиев.

Әкім мониторингтік топтардың жұмысына да шүйлікті. Есқалиев оның мүшелерінің жұмысын дәлелдейтін фактілер бар екенін мәлімдеді.

"Менде мәлімет бар, сіздер барлық заңбұзушылықты тіркемейсіздер. Егер расталса, мұндай топ қызметкерлерін жұмыстан шығару мәселесін қарастырамын. Заңбұзушылар жауапкершіліктен жалтару үшін өз таныстарын пайдаланады. Көпшілігі жаппай шаралардың өткізу қатерін түсінбейді",- деді БҚО әкімі.

Айта кетейік, коронавирус пандемисына байланысты қазақстандық компаниялар ұжымдық кеш өткізуден бас тартып жатыр. Олар мерекені жақындарымен қарсы алмақ. Ереже бойынша банкеттерге тек 50 адам қатыса алатын болғандықтан, ірі компаниялар да ауқымды кеш ұйымдастырмайтын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885443-bko-kimi-memlekettik-kyzmetkerler-zaazyldyk-otyrys-tkizbejdi/