Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин қайта күшейген жағдайда қазақстандықтар 42500 теңге ала ма

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал ушығып, жаңа шектеу шаралары енгізілген жағдайда қазақстандықтар 42500 теңге ала ма деген сұраққа жауап берді.

Сенат депутаты Алтынбек Нұхұұлы пандемия уақытында 4,6 млн қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 476 млрд теңге мөлшерінде қаржылай көмек алғанын еске салды. Олар билік тарапынан енгізілген шектеулерге байланысты жұмыс істей алмаған.

Депутаттың сөзінше, соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде дерт жұқтырғандардың күнделікті саны орташа есеппен 600 адамды құрайды. Бұл қиын жағдай",- деді ол.

Осыған байланысты, ол 2021 жылы коронавирус жағдайы тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан немесе кірісін жоғалтқан азаматтарды қолдау мақсатында қандай механизмдер қолданылатынына қызығушылық білдірді.

"Осы мақсатта қарастырылып жатқан заң жобасында (2021-2023 жылдарға арналған үшжылдық бюджет жобасы- ред.) қаражат қарастырылмаған. Біржолғы әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 42 500 теңге екенін ескергенде, МӘСҚ мүмкіндіктері қандай?",- деді ол.

Біржан Нұрымбетов аталған аталған төлемдерге арналған қаражат бюджет жобасында мүлде қарастырылмағанын растады. Ол қажет болған жағдайда жәрдемақы төлеуге қаражат табуға болатын басқа да көздер бар екенін айтты.

Заң бойынша мемлекеттік сақтандыру қорынан бес әлеуметтік төлем қарастырылған. Пандемия кезінде ол (қор - ред.) әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты. Мәселен, ауруға шалдыққандар үшін 476 млрд теңге қарастырылды. Тағы 20,5 млрд теңге КВИ-мен ауырған дәрігерлерге төленді.

Бұл шығындар қорға түскен жарналардан үш есе көп болды. Қазір қордың активтері 1,3 трлн теңгені құрайды. Тұтастай алғанда, қаржылық жай-күйді бағалау бойынша қор 2039 жылға дейін орнықты болады", -деді ол.

Министрік басшысы қазіргі уақытта ведомствоның кері салдардың алдын алу үшін Ұлттық банкпен және Қаржылай бақылау жөніндегі агенттікпен бірлескен жоспары бар екенін атап өтті. Мән-жайын жеткізген жоқ.

Айта кетейік, Сенат Ұлттық қордан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885472-karantin-kajta-ksejgen-zagdajda-kazakstandyktar-42500-tege-ala-ma/

pixel