RU

Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тағы Ла Хойя иммунология институтының мамандары бірнеше ай зерттеу жүргізіп, Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың ағзасында иммунитет сегіз ай немесе одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін анықтады деп жазады РИА Новости.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, зертеу жұмыстары кезінде ғалымдар пандемия басталған уақытта 19-81 жас аралығындағы COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған 185 науқастың қан сынамасын бірнеше рет тексерген.

Содан кейін ғалымдар иммундық жүйенің төрт компонентін талдағаны белгілі болды. Олар: антиденелер, қажет болған жағдайда көп антидене шығаратын В жасушалары және Т жасушасының екі түрі.

Зерттеу нәтижесінде антидененің коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін 6-8 айдан кейін де сақталатыны анықталған, алайда аздап төмендеу болады. Сонымен қатар Т жасушаларының ағзада баяу ыдырайтыны көрінген, ал В жасушаларының саны кенеттен өсіп кеткені белгілі болды.

Зерттеушілердің сөзінше, бұл иммундық реакцияны толық және жан-жақты бағалауға мүмкіндік берген алғашқы зерттеу. Олар паиценттің қанында антидене табылмаса да, В жасушалары иммундық жадты сақтайтынын жеткізді. Осылайша, ағза бірнеше жыл бойы COVID-19-ды "танитын" болады.

Еске сала кетейік, танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровский коронавируспен кімдердің ауырмайтынын айтқан еді.

Сонымен қатар, осыған дейін әлемде жарғанаттар тарататын тағы бір қауіпті вирус пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885477-galymdar-koronaviruska-karsy-immunitet-kansa-uakyt-saktalatynyn-anyktady/