Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тізімде Қазақстан да бар: 2021 жылы саяхат жасауға ең қолайлы елдер белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Австралиялық Lonely Planet басылымының сарапшылары 2021 жылы саяхат жасауға арналған үздік елдердің тізімін жасады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна мәліметінше, үздік елдер тізіміне Швеция, Палау, Греция, Антигуа және Барбуда мен Руанда енген.

Толық рейтинг компанияның ресми сайтында жарияланғаны белгілі болды.

  • Мәселен, Швецияның Гетеборг қаласы "Үздік қала демалысы" номинациясын жеңіп алыпты.
  • Сонымен қатар Тынық мұхитында орналасқан Палау аралдары экологиялық тұрақтылыққа қатысты прогрессивті саясатымен ерекшеленіп, "Үздік аралдар" санатында көш бастаған.
  • Ал Грекия органикалық тағамдары мен теңіз өнімдеріне байланысты "Үздік гастрономиялық курорт" атанған.
Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com
  • Солтүстік Америкадағы Антигуа және Барбуда пластмассалар мен пенопластқа тыйым салып, бірқатар экологиялық таза кәсіпорын құрғаны айтылды. Сондықтан олар "Үздік дамушы бағыттар" номинациясына ие болған.
  • Шығыс Африканың Руанда мемлекеті жабайы тау маймылдарының популяциясын жойылып кету қаупінен сақтап, "Табиғатты қорғау бойынша үздік бағдарламаның" иегері атанған.
Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com
Сондай-ақ, тізімде Қазақстан да бар. Еліміз "Өмір сүруге ең қолайлы жер" номинациясын иеленіп, қонақжайлығымен ерекше назар аудартқаны хабарланды.
Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Еске сала кетсек, осыған дейін сарапшылар COVID-19 бойынша ең қауіпсіз елдердің тізімін жасаған еді.

Сонымен қатар әйел адамдардың өмір сүруі үшін ең қауіпсіз және жайлы елдердің рейтингі жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885486-tizimde-kazakstan-da-bar-2021-zyly-saahat-zasauga-e-kolajly-elder-belgili-boldy/

pixel